Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус өршіген кезде неге парацетамол болмады?

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Нұрлыбек Асылбеков коронавирустық ауру басталған кезде неге парацетамол тапшылығы болғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкенттегі зауыттан бастайық. Бұл жеке зауыт жеке меншіктің қарамағында, сондықтан олар нарықтық тұтынуға сәйкес дәрі-дәрмек өндірісінің номенклатурасын өздері анықтайды. Ауру жиілеген кезде, эпидемиялық жағдай туындаған кезде, парацетамол және басқа ыстық түсіретін дәрілерді қолдану көбейді. Бізде олар әрқашан жеткілікті болды. Отандық фармацевтикалық нарық, бірыңғай дистрибьютордан басқа да бәсекелестер бар. Дегенмен, нарықтың сұранысы толықпен қанағаттандырылады", - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Спикер денсаулық сақтау министрлігі әрдайым отандық өндірушіні қолдауға дайын екенін қосты.

"Олар шығарып жатқан парацетомол, аспиринді сынды ыстықты төмендететін препараттар тапшы болмады. Бұл кезде халық сұранысты күрт арттырып, жасанды жолмен тапшылық тударды. Парацетамол дәріханалар мен қоймаларда мың есе өсті. Біздің өндірушілер өз мүмкіндіктерін арттырды", - деп толықтырды ОКҚ брифингінде Нұрлыбек Асылбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министрлік қазақстандықтардың неге отындақ өнімдерге сенбейтінін түсіндірген. 

STAN.KZ
Жұма, 04 Қыркүйек, 2020 16:35
Талқылау