Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қарсы жолаққа шыққандар жүргізуші куәлігінен айырылады

Қазақстанда көлік қозғалысы кезінде қарсы бетке шығып кеткендер жүргізушілік құқықтарынан айырылуы мүмкін. Бұл жайлы депутат Қанат Мусин мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

выезд-на-встречку-1

Бүгін парламентте “Жол қозғалысы туралы” заң жобасы талқыланған болаты.

“Заң жобасында тыйым салынған қарсы жолаққа шығу туралы норманы күшейткіміз келеді. Қарсы қозғалыс жолағына өтіп кеткен жағдайда көлік жүргізу куәлігінен айырамыз”, – деді депутат Қанат Мусин.

Сонымен қатар, ол мотошлемді қолдану мәселесіне де тоқталды.

“Заңда мотоциклді жүргізу кезінде жүргізуші мен жолаушының мотошлем киюін міндеттейтін талап енгіземіз”, – деді ол.

Депутат, бұл норманың әлі күнге жол қозғалысы ережесінде сақталып келгенін айтты. Ол сондай-ақ, жалпы 120-дан астам өзгеріс қаралып, оның 55-і заң жобасының соңғы шешімді нұсқасы ретінде қалғанын айтты.

“Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қоғам үшін маңызды болып, дұрыс қабылданады деп ойлаймыз”, – деді мәжіліс депутаты.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында бетперде киген бір топ адам полицейлерден балық толы көлікті тартып алған (фото)

Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдіктілер тағы шабуыл жасады

Ақтауда көп балалы отбасы аяқ киім жөндейтін вагон ішінде тұрып келген

Ақтөбеде сыныптастары аяусыз соққыға жыққан баланың миында қауіпті ісік пайда болды

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Сәуір, 2017 13:30
Талқылау