Қазақстанда карантин болса да тойлар неге тоқтамай тұр

Қазақстанда карантинді жеңілдетудің бірінші кезеңі басталып, бұған дейін жабық болған көптеген нысан қайта ашылып жатыр. Алайда демалыс күндері қатаң карантин әлі де сақталатынын мемлекеттік комиссия атап өткен болатын. Ал жеңілдетілген карантинді қате түсінген жұртшылық жаппай той тойлауға кірісіп кеткен көрінеді. Мұны милиондаған оқырманы бар кейбір әншілердің парақшасында жарияланған тойдағы бейнеүзіктерден байқауға болады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабаралайды.

Күшейтілген карантин жеңілдесе де, санитар мамандардың жұмысы жеңілдемей тұр. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде олар әнші Төреғали Төреәлінің қарындасының тойына назар аударған. Желі қолданушылар қонақтардың бетперде тақпағанын, арақашықтықты сақтамағанын айтып қалды.

Халық әрітісі Мақпал Жүнісованың желідегі парақшасындағы той да қолданушылардың наразылығын тудырды. Заң Мақпалға да ортақ деп шағымданған жұртшылық ел алдындағы жұлдыздар үлгі көрсетпесе, халық қайдан тәртіп сақтасын деген пікір қалдырыпты.


Қазақстандық танымал тұлғалар карантинде той жасады - Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізуде

"Алматы қаласында халық көп жиналатын тойларды, мерекелерді жүргізуге тыйым салынған. Халықты көп жинау фактілері тіркелетін болса, нысанның қожайынына 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады", 

Бұл - 639 мың теңге айыппұл. Қазіргі таңда басқарма мамандарының қатысуымен жеке тұлғаларға - 494, заңды тұлғаларға - 29 айыппұл салынған. Көбіне адамдардың қоғамдық тамақтану орындарда көпшіліктің жиналып, бетпердесіз жүруі, арақашықтықты сақталмауы және нысандардың жұмыс істеу уақытын бұзылуы дейді санитар маман. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр