Қазақстандық танымал тұлғалар карантинде той жасады - Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізуде
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов пен әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы карантин кезінде той жасағаны үшін жазалана ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл мәселе денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең біз бұл тақырыпты талқыладық. Ол менің алдымда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинді шақырды", - деді Бағдат Қожахметов.
Ол сондай-ақ қазір Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Полиция қатысушыларды, аталған іс-шараның өткізілген орнын, оның шынымен карантин кезінде өткенін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтау үшін тексеру жүргізуде", - деп қортындылады Б.Қожахметов.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту