Қазақстанда елтаңба ауыстырылған жағдайда банкноттар өзгере ме – Ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасын өзгерген жағдайда банкноттарды ауыстыруға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Банкноттар мен монеталардағы мемлекеттік рәміздердің бейнелерін ауыстыру мәселелері түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қаралуы мүмкін", – делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынған болатын.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ