Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігер тапшылығы байқалуда

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қанша дәрігер жеткіліксіз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой 2021-2025 жылдары медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (МСАК) сапасын жақсартуға арналған іс шаралар жоспарын таныстырды. Министрдің сөзінше, елімізде әлі де дәрігер тапшылығы бар. 

"Бүгінде елімізге 2540 МСАК дәрігері қажет, ал ауылға 848 дәрігер керек.
Әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастыру арқылы кадрларды жергілікті
жерлерге жіберіп, маман тапшылығын шешуге болады", - деді Алексей Цой.



Ол медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесіне ерекше тоқталған. 

"Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру және мамандардың біліктілігін арттырып, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту. 2021 жылы 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде 35-ін шетелде оқыту жоспарлануда. Биыл 5 мыңнан астам адам медициналық жоғары оқу орнын тәмамдайды, шамамен 3 мыңы МСАК ұйымдарына жұмысқа жіберіледі", - дейді Цой. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда вакцинацияға наразылық білдірген дәрігерлер жаппай жұмыстан шығуда деген ақпарат тараған болатын. Алайда ақпараттың жалған екені белгілі болды. 

Талқылау