Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mel.fm

Ұсынысты оқу-ағару министрлігі жасады.

Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.



Балаларға арналған SIM-картаны жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) мен туу туралы куәлік арқылы тіркеу жоспарланған. Мұндай SIM-карталар кәмелетке толмағандармен байланысты алаяқтық тәуекелдерін азайтып, төтенше жағдайларда оқушыларды тез табуға көмектеседі.

Жаңа ереже оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына” өзгертістер мен толықтырулар енгізу аясында ұсынылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда SIM-карта тіркегендерді биометриялық тексеруден өткізу ұсынылған еді.

Талқылау