Нөмірді электронды үкімет порталынан алады: Қазақстанда азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков елдегі интернет-алаяқтықпен күрес жоспарын бөлісті. Оның сөзінше, алдағы уақытта елімізде жеке тұлғаға тіркеуге болатын нөмір санын шектеу көзделген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Вице-министрдің сөзінше, алаяқтар қазақстандықтарды құрығына түсіру үшін WhatsApp мессенджерін қолданады.
“Біз заң аясында нөмір жоспарын мемлекетке қайтаруды ұсынамыз. Қазір операторлар қолданушыға нөмір мен SIM-картаны өздері береді. Біз нөмір жоспарын мемлекетке қайтарсақ, азаматтар абоненттік немесе қалалық нөмірді электронды үкімет порталынан немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы алады. Сонымен қатар жеке тұлғаға берілетін нөмір санын шектемекпіз”, – деді Асхат Оразбеков.
Жұмыс бабымен сим-картаны қолданатын заңды тұлғалар әр нөмірді не үшін сатып алатынын нақтылауы керек. Алдағы уақытта осындай заң жобасын цифрлық даму министрлігі талқыға шығармақ.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады