Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

Әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізіп, жала жапқан азаматтар түрмеге отыруы да мүмкін. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов әлеуметтік желілерде отырып азаматтардың намысына тигендер қылмыстық жазаға тартылуы керектігін ұсынып отыр. Ал кейбір сарапшылар адамдардың мәдениеті мен сауаты төмен болса, бәрібір заңмен сұғанақ тілділердің аузын жаба алмаймыз дейді. Соңғы бес жылда елімізде біреу сүрінсе одан сайын табалауға дайын тұратын азаматтардың саны интернетте күрт өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

хейтер

Әлеуметтік желі, әсіресе фейсбук адамдардың айызын қандыратын алаңға айналып кетті. 9 жыл бұрын келіннің сәлем салуын харам әрекетке балады деп ақын Балғынбек Имашевты талай адам тілдеді. Одан кейін де жеке басына, діни сеніміне, ар-намысына тиісті. Ақын ешкіммен соттаспадым дейді. 

“Мені біреу балағаттап, тіл тигізу арқылы маған зиян бермейді, керісінше, өзіне егер түсінсе. Біреудің соткасына ойланбай жазғаны біреудің отбасын ойрандай жаздады дегендей оның зардаптары үлкен болуы мүмкін, бірақ өз басым мен кешіріммен қарауға тырысамын”, – дейді ақын Балғынбек Имашев.

Фейсбукте сүрінгенді түтіп жеуге дайын тұратын азаматтар көп.  Мысалы, Токиода нокаут алған Левитті талай ел оңдырмады. Грэмми жүлдесін алған Иманбекті "жай ғана жолы болған бала, профессионал емес" деген әнші Роза Рымбаеваны да халық жеп қоя жаздады. Бұған қоса, Қайрат пен Төреғалиды күнде төпелеу – сәнге айналған.

Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов әлеуметтік желіде ар-намысқа тиіскендерді аяудың қажеті жоқ, барынша жазаны күшейтуіміз керек дейді.

“Кеше ғана мысалы жазушы қарындасымыз қайтыс болды. Оңтүстікте. Оған не жеткізгенін болашақта тергей жатар, біле жатар. Егер ол бір кәсіби сын болса айтылып отырған: мысалы саясатерлерге, қала басшыларына, әкімдерге, жұмысына байланысты кәсіби сын болса ол жеке әңгіме. Жауапкершілікті міндетті түрде күшейту керек. Жаңағы айыппұлдан бастап қылмыстық мүмкін жазаға қолдану керек шығар!

Ал мәдениеттанушы Зира Наурызбаеваның пікірінше, адамдардың сауаты мен мәдениеті жоғары болмайынша заңмен ешкімнің аузын жаба алмаймыз. “

Қолданыстағы заң бойынша сізге әлеуметтік желіде өзге азамат жала жауып немесе ар-намысыңызға тиіссе сол жазбаны нотариус арқылы тіркеп, сотқа жүгіне аласыз. Алайда заңгерлер бізде сотқа жүгінетін адамдар көп емес дейді. Кейбір әлеуметтанушылар елімізде азаматтардың материалдық жағдайы жақсармай, тілінің уыты азаймайды деп отыр”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов. 

Талқылау