Қазақстанда активтері мемлекет кірісіне аударылуы мүмкін бай-бағландардың тізімі жасалмақ
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы заң жобасын қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұнда активтерді заңсыз алып шығару жағдайларын жоюға, оларды өз ерікмен немесе мәжбүрлеп қайтаруды бастауға арналған ережелер кіреді. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпаратын талдау нәтижелері бойынша тұлғалар өз активтері туралы арнайы декларацияны тапсыруы қажет. Сол арқылы олардың шектеулі тізілімін қалыптастыру жоспарлануда. Егер мүліктің иесі активтердің шығарылу жағдайын мойындай алмаса, олар негізсіз сатып алынған деп танылып, мемлекет кірісіне айналдырылады.
Ал қайтарылған активтер қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыруға пайдаланылмақ.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ