Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2016 жылы мыңнан астам қыз бала түсік жасатты

Қазақстанда 2016 жылы 80 мыңдай әйел жасанды жолмен түсік тастаған. Олардың мыңнан астамы – жасөспірімдер. Осы мәселенің алдын алу туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева сөз қозғады.

1185266

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Елімізде отбасын жоспарлау мәселесі бойынша 478 кабинет қызмет етеді, сол жерде отбасын жоспарлау бойынша барлық сұрақтарға жауап алуға, әйелдерге контрацептив қабылдау керегін анықтауға, сондай-ақ контрацепцияның тиісті түрін таңдауға көмектеседі. Еліміздің әр тұрғынында жалпы тәжірибелі учаскелік дәрігер бар. Учаскелік дәрігер бұл кеңесті қай кабинеттен алуға болатынын түсіндіреді”, — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Отбасын жоспарлау бойынша сапалы қызмет көрсетілген жағдайда, жасөспірімнің жүктілігі, түсік, жыныс жоларымен берілетін инфекциялардың алдын алуға болады. Бұл кабинеттердің басты мақсаты – әйелдің репродуктивті денсаулығын қадағалау, дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы мерзімді таңдау және жасанды түсік пен ана өлімінің санын азайту.

“Былтыр жасанды түсік тастағандардың саны 79 мыңға жетті. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің босану көрсеткіші былтырғы жылы – 4226, 15-17 жас аралығындағы түсік жасату – 1418, 15 жастан кіші қыздар арасында – 16 рет. Түсік жасату отбасын жоспарлау әдісі болмауы тиіс. Ақылға сыйымды контрацепция болуы керек”, — деп мәлімет берді Ләззат Ақтаева.

Оқи отырыңыз:

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Дәрігер: Ауру жұқтырғанда адамның бауыры жанып кетеді

Талқылау