Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 13 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

25 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 85 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 45 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздан бастап бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы: шалдықты – 56 925 адам, қайтыс болды – 983, жазылды 52 143 науқас.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 25 маусымда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды. Жалпы 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 25 маусымы аралығында індеттің 418 114 жағдайы тіркелді, қайтыс болды 4306 адам. 

Талқылау