Қазақстан Украинада оқып жүрген үндістандық студенттерді қабылдауға дайын - Министр
Қазақстанның медицина университеттері Украинадағы үнді студенттерін қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үндістан үкіметі бізге ресми жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Кездесуде Украинада жиырма мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы, біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын", - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Оның нақтылауынша, шетелдік студенттер оқу ақысын өздері төлейді.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндікке қарай үндістандық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылатынын атап өтті.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ