Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан полицейлері коронавирусқа қарсы қорғаныш киді: олардың формасы қандай

Ішкі істер министрлігінде полицияны коронавирус инфекциясынан қорғайтын құралдардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай енгізілген алғашқы күндерден бастап полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер медициналық қызметкерлермен бірге денсаулық сақтау саласында қызмет етуде. Олар жол кедергілерінде жұмыс істейді және қоғамдық тәртіпті сақтайды, карантиндік аймақтардағы инфекция ошақтарын оқшаулау үшін арнайы шаралар жүргізеді. Санитарлық ережелерді бұзғандардың әрекеттерін тоқтатып, вирус жұқтыруы мүмкін адамдармен және олармен байланыста болғандарды іздейді.

Осыған байланысты, ІІМ басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінің барлық тігін цехтарында ішкі істер қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдарын тігу жүргізіліп жатыр.

Алғашында медициналық бетперделерді тігу қолға алынды, 1 000 000-ға жуық қорғаныс бұйымдары дайындалды, бұл жеке құрамның қорғаныс құралдарына деген қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, полиция қызметкерлеріне арнайы костюмдер өндірісі басталды.

Қорғаныш комбинезон – көп рет қолдануға жарамды, ол су өткізбейтін қасиеті бар матадан жасалған. 160 қорғаныс комбинезонынан тұратын бірінші партияны блок-бекетте қызмет атқаратын елордалық полицейлер алды. Жақын арада қорғаныс комбинезондарымен барлық аймақтық полиция қызметкерлері қамтамасыз етіледі.

“Күн сайын 25 мыңға жуық полицей, құтқарушылар және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жасақпен күзетке шығады. Осы қиын жағдайларда пенитенциарлық жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Менің тапсырмам бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “Еңбек” РМК әзірлеген құралдар төтенше жағдай кезінде өз қызметтік борышын тәулік бойы орындайтын қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Одан бөлек, ҚАЖК басшылығы “дезинфекциялық тоннель” деп аталатын қорғаныс құралымен таныстырды. Тоннель құрылымы қарапайым: ол дезинфекциялық әсері бар арнайы физертіндіні бүрку құралымен жабдықталған. Мұндай пункттер ҚАЖ мекемелерінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында барлық колонияларда орнатылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр