Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда полицейлер үйлер мен пәтерлерді аралайтын болады

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қазақстанда 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін "Участок" жедел алдын алу шарасы өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Шара аясында полицейлер тұрғындармен танысу үшін барлық пәтерлер мен үйлерді аралайтын болады. Тіпті алыстағы ауыл-аймақтар да қамтылмақ.

Нұрділдә Ораз бұл шара аймақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу  үшін жүргізіліп жатқанын айтты.

"Шара кезінде оларға тағайындалған әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысу, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау үшін үйлер мен пәтерлерді аралайды. Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтар тексеріледі”, – деп түсіндірді ол.

Азаматтық қарудың иелері мен шетелдіктер де бақылау аймағында.



"Сонымен қатар полицейлер саяжайларды, құрылыс нысандарын, оның ішінде қираған үйлер мен ғимараттарды, шатырлар мен жертөлелерді тексеруде. Ауылдық жерлерде негізгі күш-жігер қыстауларды тексеруге және тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтауға, заңсыз пайдалану фактілерді анықтауға бағытталмақ", – деп қорытындылады ол. 

Учаскелік инспекторлар жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірге бар проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 20:00
Талқылау