Елімізде тағы бір тұрғын үй бағдарламасы жабылмақ
"Отбасы банк" еліміздегі "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
"Отбасы банк" 9 қыркүйектен бастап "Шаңырақ" пилоттық жобасы арқылы баспанаға өтініш қабылдауды тоқтатпақ. Өйткені бұл бағдарламаға мемлекеттен бөлінген қаржы толық игерілген.
Негізі "Шаңырақ" жобасы арқылы әкімдікте үй кезінге тұрғандарға арзан ипотека рәсімделген. Мұнда 5% несие мөлшерлемесі, 10% бастапқы жарна, ал несие мерзімі 20 жыл. Енді пилоттық жоба тоқтатылғанымен "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары арқылы өтініш қабылдана береді.
Айта кетсек, "Отбасы банк" жыл соңына дейін үй кезінде тұрған 12 мың адамға пәтерге несие беруді жоспарлап отыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”