Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіру жарысынан күміс жүлде еншіледі

Бүгін Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіру жарысынан күміс жүлде еншіледі.

shutterstock_26960005_522x0_463

Фото: almaty2017.com

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Командалық жарыста Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл бәсекеде сынға түскен Сабыржан Мүмінов, Константин Соколенко, Марат Жапаров және Сергей Ткаченко 771.0 ұпай жинап, жүлделі екінші орынға ие болды. Бас жүлдені  975.6 ұпаймен жапониялық спортшылар еншіледі. Ал қола медаль 726.3  ұпай жинаған Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырды.

Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынындағы сегізінші күміс медаль. Барлығы 23 жүлде бар. Оның алтауы алтын болса, тоғызы қола медаль.


Жіберіп алмаңыз:

Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қоласын еншіледі

Америкалық Қанат Исламға Головкиннен үлгі алуға кеңес берді

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Талқылау