Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық Қанат Исламға Головкиннен үлгі алуға кеңес берді

Delcotimes.com сайтының журналисі Джэк МакКафери қазақстандық боксшы Қанат Исламға Генадий Головкиннен үлгі алуға кеңес берді.

14624562_375754016100206_5337589741183303680_n

Бұл туралы Vesti.kz басылымы хабарлайды.

“Мен оның соңғы жекпе-жегін көрдім. Көңілімнен шықты. Қолы жылдам, бұрыштарды кесе біледі. Ислам чемпион болады. Алайда келесі жолы ол Сауль Альвареспен кездесуі керек деп ойламаймын. Мұндай қарсыластарға әзірге асығудың қажеті жоқ. Исламның көптеген боксшымен жұдырықтасуға қауқары жетеді. Оған қарсы ақша тікпес те едім… Қазақстандық қасық қаны қалғанша күресеті анық. Қазақстандық боксшылардың ортақ бір қасиеттері бар – олар өздерінің қарсыластарынан қорықпайды. Соңғы кездесуде Ислам GGG секілді бірбеткей болды. Егер ол дәл осылай жалғастыра беретін болса, чемпион болуы әбден мүмкін”, – дейді Джек МакКафери.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин келесі кездесуін 18 наурыз күні Нью-Йоркте өткізеді. Қарсыласы Дэниэл Джейкобс болмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Талқылау