Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты
Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы Али Балоев қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 жасар жерлесіміз Али Балоев алғашқы жекпе-жегін Ригада (Латвия) өткізіп, 4 раундтық кездесуде, 32 жасар жергілікті боксшы Маркес Ковалевскисті нокаутпен ұтты. Жерлесіміздің қарсыласы кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, екеуінде тең нәтиже, екеуінде жеңіс, жиырма бірінде жеңіліс (11 нокаутпен) тапқан. Қазақстандық спортшы кәсіби бокста рингке ауыр салмақта (200 фунт – 90,7 келі) шығып алғашқы жеңісіне жетіп отыр. Ол алматыдағы «Абылай хан» залында, Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)
Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді
Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"