AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қаңтар оқиғасына қатысты тергеу нәтижелерін дүние жүзіне жариялайды

Қазақстан қаңтар оқиғасына қатысты тергеу біткеннен кейін, дүние жүзіне тергеу қорытындыларын жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі барысында белгілі болды.

“Әңгімелесу барысында арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Қазақстандық дипломат әріптесіне Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себеп-салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді”, – деп хабарлайды ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында оқиғаға қатысты барлық ақпарат жарияланатыны туралы айтылды.

"Қазақстан билігінің жан-жақты және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны, оның нәтижелері әлемдік қауымдастыққа ұсынылатыны айтылды", –  делінген хабарламада.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметтің алдына қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және елді одан әрі табысты дамыту бойынша нақты міндеттер қойды.

Аталған мәселелерден басқа, тараптар "Бір серіктес – бір жоспар" тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын және жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр