Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі бойынша Ресей мен Украинаны басып озды
Әлемдегі ең ірі Numbeo мәліметтер базасының талдаушылары 93 елдің денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейін бағалады. Қазақстан 53-ші орынды иеленді, осылайша бұрынғы КСРО елдері арасында тек Еуроодаққа кіретін Балтық жағалауы мемлекеттеріне ғана жол берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің сапа индексі бойынша 60,94 ұпай жинады. Эстонияның индексі 72,52 (21 орын), Литва 70,51 (27 орын), Латвия 62,14 (52 орын).
ТМД елдері ішінде Қазақстаннан кейін Беларусь (59-орын), Ресей (63-орын), Украина (78-орын) және Әзірбайжан (91-орын) орналасты.
Ал Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Тәжікстандағы және Түркменстандағы денсаулық сақтау жүйесінің сапа индекстері есептелмеген.
Әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесі бар 5 елдің қатарына Тайвань (индексі 86,42), Оңтүстік Корея (82,26), Франция (80,68), Жапония (80,23) және Дания (80,17) кірді.
Рейтинг денсаулық сақтау жүйесі жұмысының сапасын, жабдықпен жарақталуын, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін, клиникаларда қызмет көрсету құнын және басқа да көрсеткіштерді бағалайды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
