Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел Қазақстан-Дания матчына “шенеуніктердің” балалары жіберілді деп шағымданды (видео)

Алматылық Альбина Қапарова Қазақстан-Дания футбол матчының айналасында туған дау туралы айтып берді. Әйелдің пайымдауынша, ересек футболшыларды алаңға алып шықпақ болған оның ұлы мен спорттық мектептің тағы да басқа тәрбиеленушілерін аяқ астынан футболға еш қатысы жоқ балалармен алмастырған.

foot

Бұл туралы Альбина Қапарова Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін Алматыда менің ұлым және СДЮШОР-2 командасында ойнайтын басқа балалар нағыз әділетсіздікке тап болды. Алматыда Қазақстан-Дания ойынының өтетінін білесіздер. Осыдан 3 күн бұрын бапкер 22 баладан тұратын біздің команданың ойыншыларды алаңға алып шығатынын хабарлады. Ұлым сол уақыттан бері осы шараға дайындалып, танымал футболшымен бірге алаңға шығатынын елестетіп, армандап жүрді. Бүгін орталық стадионда дайындық жүру керек болатын. Балаларды олар жаттығатын жерден алып кетіп, стадионға алып кеткен еді. Ал ол жерде менің баламды және оның достарының көңіл күйін түсірген жайт орын алды. 22 баланың 8-ін алып тастау туралы бұйрық бкелген, себебі олардың орнына «шенеуніктердің» балаларын қою керек болған. Футболға ешқандай қатысы жоқ балаларды», – деп жазды Қапарова.

Ашынған ананың жазбасына Қазақстан футбол федерациясы жедел түрде жауап берді.

“Футбол федерациясы алаңға шығатын балалар санын әртүрлі балалар ұйымдарына бөледі. Орынды бөлу ойыннан бір ай бұрын жүзеге асырылады. Қазақстан-Дания ойынына Алматыдағы №2 СДЮШОР мектебіне 14 орын бөлінген еді. Бұл туралы мектеп басшылығына 2017 жылдың 1 маусымында хабарланды. 2017 жылдың 6 маусымында №2 СДЮШОР мектебінің жаттықтырушысы өз тобындағы балаларға не себептен 22 баланы алып шығатынын уәде еткенін білмейміз, бұл мәселе соның ар-ұятына қалсын», – делінген Федерация жауабында.

Федерация еш кінәсі жоқ балалар үшін бұл сұрақты әрі қарай ушықтырмауды өтінді. Алайда хикая мұнымен біткен жоқ.

Федерацияның жауабын алған Альбина Қапарова 8 баланы алмастырған жеткіншектердің аты-жөнін жариялауды талап етті.

Жіберіп алмаңыз:

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Неймар биік үйдің шатырында тұрып көшенің арғы бетіндегі қақпаға таңғаларлық гол соқты (видео)

Дәрігерлер әйелдің құлағынан өрмекшіні шығарып, оны бас ауруынан құтқарды (видео)

Аш-құрсау жетім баланың хикаясы желідегілердің жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау