Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің құлағынан өрмекшіні шығарып, оны бас ауруынан құтқарды (видео)

Үндістан тұрғыны ұйықтап жатқан кезінде оның құлағына тірі жәндік кіріп кеткен.

тірі ормекші новый 100617

Түнде үй ауласындағы верандада ұйықтап қалған Лакшмидің таңертең басы ауырып, оң құлағынан жайсыздықты сезеді.

Ол құлағын тазалауға тырысып баққанымен, мұнысынан ештеңе шықпайды. Сол кезде Лакшми қызынан құлағын қарап беруін өтінеді, деп жазады Daily Mail.

Ауру шыдатпай кеткен кезде күйеуі Лакшмиді ауруханаға алып барады. Ал науқастың құлағынан тірі өрмекші шыққанын көрген дәрігерлер шошып қалады. Жәндік жарық түскен кезде құлақтың ішінен өздігінен шыққан.

Дәрігерлердің айтуынша, құлақта тұрып қалған кез келген затты оңай алып шығаруға болады. Алайда бұл жолы жәндіктің тірі болуы жағдайды қиындатуы мүмкін еді. Құлақтан өз еркімен шыққан өрмекшінің арқасында дәрігерлер аса қиналған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Алып маймылды көріп шошыған азамат оны таспаға түсіріп алды (видео)

Қорқынышты кадрлар: бес жасар бала бассейнге батып жатты, ал оны ешкім көрмеді (видео)

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Екі беті бар бала 13 жасқа толып дәрігерлерді таңғалдырды

Талқылау