Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Қазақстандық әртістерден құралған “Алатау” футбол командасы жартылай финалдық кездесуде де жеңіске жетті. Сербия құрамасымен кездесу өткізген отандық әртістер қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

серпия 100617

Бұл туралы “Алатау” футбол командасының ойыншылары Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Қазақстан жұлдыздары ЭКСПО-ның ашылуымен тұспа-тұс келген жеңістерін қазақ еліне арнайтындарын жеткізді.

“Бұл – қазақ елінің жеңісі. Баршаларыңызды құттықтаймыз, финалда да ел үмітін ақтауға тырысамыз”, – дейді әнші Рысбек Аташ.

19052065_232221140607513_4360693468293496832_n

Ал актер Әділ Ахметов:

“Европалықтардың алаңдағы да алаң сыртындағы да құйтырқы әрекеттеріне берілмей , жігіттік мінездерімен байсалдылық танытып, жеңімпаз атанды. Барша тілеулес жандарға көптен-көп раxмет! Алға Қазақстан!” – деп жанкүйер болған жерлестеріне алғыс айтты.

Қуанышты күндер көп болсын! #Gtimecorporation #Gtimetravel #phaeton_almaty #air_astana_official #danyar727

Публикация от Mukassan Shakhzadayev (@mukassan)

Айта кетейік, Мәскеуде футболдан әртістер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұған дейін отандық жұлдыздардан құралған “Алатау” футбол командасы Аргентинаны 3:0, Түркияны 3:1, ал Румыния құрамасын 4:2 есебімен жеңген еді. Осылайша отандық жұлдыздар өз топтарының ішінде бірінші болып, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Ресей әртістерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті (видео)

Әлішер Кәрімов Димаш секілді байқауға қатыспауының себебін ашып айтты

Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)

«Балапан» арнасынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызы енді балалар лагерін ашпақ

Аяғы ауыр Диана Шарапова жалаңаш күйде суретке түсті

Талқылау