Әлішер Кәрімов Димаш секілді байқауға қатыспауының себебін ашып айтты

Жұма, 9 Маусым , 2017 13:54

Әлішер Кәрімов бірнеше жыл бұрын байқауға қатысып, содан кейін қатты көңілі қалып қалған екен. Әнші ол кезде «Жас толқын» байқауында 10-орынды иеленген болатын. Ал қазір ол байқаулар туралы мүлдем ойламайды. Мұның себебі де жоқ емес.

18879471_1395035057200534_4998833726243733504_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын» байқауына қатысқаннан кейін «Енді байқауға қатыспаймын. Олардың барлығы әділетсіз өтеді» деп байбалам салған болатын. Оған әншінің 10-орын алуы себеп болған-ды. Бірақ, отандасымыз байқаудың алғашқы күндерінде жоғары оырндардан көрінген болатын. Соңғы күні ғана орындауы сәтсіз болып, жолы болмады.

«Соңғы екі жылда байқауларға қатысу туралы мүлдем ойлап жүрген жоқпын. Қазір ойым басқа жақта жүр. Бір шетінен әлі жаспын ғой. Неге қатысып көрмеске? Сенімділік қасиеті таланттың кемші тұстарын жасырады. Мысалы, супер талантты қатысушылар сахнаға шыққан кезде қатты қобалжып, өздерін жоғалтып алып жатады. Сол себепті, кез келген адамға тұрақтылық қасиетін тілеймін.

Көп адам өзіне сенімсіз болғандықтан, байқауларға қатыспайды. Олар кішігірім отырыстарда өлең айтып, содан азын-аулақ ақша алып үйреніп қалған. Бірақ, байқауға қатысып сүрініп, артынша қайта тұрып жүгірген артистер де бар. Олар өздерін үнемі іздеп жүреді. 30-60 жасқа келсе де, шабыттарын жоғалтпайды. Ал маған келетін болсақ, мен өзімді ерекше қызықтырған ұсыныстарды ғана қабылдаймын», – дейді Әлішер Кәрімов.


Жіберіп алмаңыз:

Рамазан Стамғазиев шипажайларда жиі демалатынын айтып мақтанды

Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)

«Балапан» арнасынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызы енді балалар лагерін ашпақ

Аяғы ауыр Диана Шарапова жалаңаш күйде суретке түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Кейде осы артистерге кулким келеди.Оздерин калай акталудын жолын издейтин сияктысындар.

  • Anonymous says:

    Димашқа жету қайда саған. Димаш көк қалғандарың жер сіңдер ғой.

  • Anonymous says:

    Әлішер- керемет әнші. Маған әндері ұнайды.

  • Anonymous says:

    Дауысын жок болса кылыктарын айелдики сиякты болса сени байкау кайтеди

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар