Қазақстан жұлдыздары құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті (видео)

Жұма, 9 Маусым , 2017 10:39

Футбол жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық! Отандық әртістерден құралған “Алатау” футбол командасы Румыния құрамасын 4:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет футболдан әртістер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

18949697_183075455556338_1709441307870494720_n

Бұл туралы “Алатау” командасының ойыншысы, әнші Рысбек Аташ Stan.kz тілшісіне айтып берді.

“Қазақ елінің қуанышына орай, топтан бірінші орын алып, “Алатау” жұлдыздар құрамасы жартылай финалға шықты. Бұл елдің қуанышы! Ертең жартылай финал өтеді, ол кезде де қазақ елін жеңіспен қуантуға тырысамыз”, – деді Рысбек Аташ.

18948254_1903899423222149_3308957836947488768_n

Ойын туралы әсерімен танымал актер Әділ Ахметов желідегі парақшасында бөлісті. Әділ қарсыластың қақпасына гол салу бақыты бұйырғанын айтты.

алатау курамасы 090617

“Өте тартысты ойында біздің жігіттер намысты қолдан бермеді. Керемет ойын өрнегін көрсетіп, руxты ел екенімізді тағы бір мәрте Мәскеу төрінде дәлелдеді! Гол салу бақыты маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкіршілік! Тілеулес болған сіздерге, және алаңға келіп, қолдау көрсеткен Ресейдегі отандастарымызға мың алғыс! Ораза қабыл болсын! Алға қазақ елі!” – деді қуанышы қойнына сыймаған актер.

алатау румыния 090617

Енді жартылай финалға шыққан “Алатау” құрамасы Серпия командасымен ойын өткізеді.

Айта кетейік, Мәскеуде футболдан әртістер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұған дейін отандық жұлдыздардан құралған “Алатау” футбол командасы Аргентинаны 3:0, Түркияны 3:1 есебімен жеңген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті (видео)

Алматыда актриса Сая Оразғалиеваның үйін тонап кетті (видео)

Алуа Қонарова Ayumi тобының жаңа мүшесін таныстырды (фото)

Джеки Чан қазақ әншіге бірге суретке түсуге өзі ұсыныс жасаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар