Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан қазақ әншіге бірге суретке түсуге өзі ұсыныс жасаған

Күні кеше қазақстандық жұлдыздар Джеки Чанмен түскен суреттерін жарыса көрсетіп, желіде мақтанған болатын. Ал Майра Мұхамедқызының жазбасы көптің қызғанышын оятса керек. Әйгілі актер оған өзі суретке түсуге ұсыныс жасапты.

za877

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жұлдызды күн! Жұрттар Джеки Чан мен фотоға түсе алмай естері шығып тұрғанда, бір қытай келіп құлағыма сыбырлап “Чан ағасы сізбен фотоға түссем деп ұсыныс жасап жатыр” деді. «Менімен?» деп аузым ашылып қалды. Содан түстік. Оның «Бүгін қолында микрофоны жоқ нағыз әнші сіз болдыңыз! Сол үшін сізді қатты сыйлаймын» дегенін естігенде құлағым, жүрегім нағыз бальзаммен сусындағандай болды»-деп жазған.

Майра Мұхамедқызы – 1965 жылдың 5 қыркүйегінде Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі “Гранд Операда” Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әншісі. Жуырда ол өзі армандағандай Димаш Құдайбергеновпен бірге дуэт орындаған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Индира Расылхан енді фильм түсіріп жүр

Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады

Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)

Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді

Талқылау