Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)

Отандық эстрадада музыкалық білімі болмаса да, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген әншілер жетерлік. Олардың көпшілігі негізгі мамандықтарын ата-ананың қалауымен немесе мәжбүрліктен таңдаған. Бірақ іштегі талант сыртқа шықпай қойсын ба? “Бұйырған кетпейді” демекші, музыкалық білімі болмаса да, бұл әншілер көптің қошеметіне ие болып жүр.

билими жок жулдыздар

Stan.kz назарларыңызға музыкалық білімі жоқ әншілер тізімін ұсынады.

Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Ернар Айдардың негізгі мамандығы – заңгер. Ол қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және бизнес» факультетін бітірген. Ернар әншілікті мамандық деп санамайды. Оның айтуынша, әншілік – ол Құдайдан берілетін сый.

ернар айдар 130417

Бүгінде отандық кинофильмдер мен телехикаялардан түспейтін актер Тәуекел Мүсілімнің негізгі мамандығының өнерге еш қатысы жоқ. Ол Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «машина жасау» мамандығы бойынша бітірген. Өнер әлеміне кездейсоқ келген. Отандық режиссерлердің бірі сымбатты жігітті жаттығу залынан байқап, оны кастингке шақырған.

tauekel 240417

«Жігіттер» квартетінің қос әншісі Ердос Қанаев пен Айдар Байжановтың да музыкалық білімі жоқ. Ердос университетті «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірсе, Айдар Байжанов мұнайшының оқуын оқыған.

Жігіттер-210217

Сол сияқты мыңдаған тыңдарманы бар Айқынның мамандығы өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол Қаныш Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінде инженерлік білім алған. Ал өнерге SuperStar жобасы арқылы келген.

айкын 240417

Халықтың қошеметіне бөленіп жүрген жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның да музыкалық білімі жоқ екен. Бүркіт заңгер, кейіннен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алған. Соған қарамастан, ол домбыраның құлағында ойнайды, халық әндерін нақышына келтіре орындайды. Ал Айшаның мамандығы – дизайнер.

беркут аиша-2100217

Қайрат Нұртас сынды мегажұлдызға ән жазып беріп жүрген композитор әрі әнші Ғазизхан Шекербековтің де музыкалық білімі жоқ екен. Әйткенмен, бұл жайт Ғазизханның хит әндер жазуына кедергі келтірген емес.

15625138_1307297259328727_7075822143279202304_n

Өзіндік стилімен ерекшеленетін әнші Лидоның да негізгі мамандығы әнші емес. Бұл туралы Лидоның немере інісі Дидар Кәден жұлдызды жиындардың бірінде айтып қойған болатын.

14727698_238420843240089_1926315535453126656_n

Өз әндерін өзі жазатын әнші Кенталдың да негізгі мамандығы эколог болып шықты. Әнші бұл мамандықты «дипломы бар» деген атқа жету үшін ғана меңгерген. Ал ата-анасының қалауын орындап болған соң, жаны қалайтын мамандыққа бет бұрған.

кентал_100217

Танымал әнші Айдана Меденова кішкентайынан ән салғанымен, жоғары оқу орнында дизайнер-интерьер мамандығы бойынша білім алған.

14549265043802

Жіберіп алмаңыз:

Соңғы бір жылда сәбилі болған жұлдыздар (фото)

Ең танымал ағайынды жұлдыздар (фото)

Қазақстан жұлдыздары Джеки Чанмен түскен суреттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Динара Сәтжан «Қазақстан» арнасына басшылық қызметке келді

 

Талқылау