Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан «Қазақстан» арнасына басшылық қызметке келді

Күні кеше Джеки Чанмен вальс билеп, елді шулатқан Динара Сәтжан «Қазақстан» Ұлттық арнасына басшылық қызметке келді. Ол «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасы төрағасы Ерлан Қариннің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

18922161_1526109287461012_2263133154469054920_n

Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

«Қазақстан-2050 жалпыұлттық қозғалысының белсенді мүшесі, көрікті де келбетті Динара Сәтжанды «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасы төрағасы Ерлан Қариннің кеңесшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз! Сіздің кәсіби тәжірибеңізді, тапқырлығыңызды, креативтілігіңізді ескере отырып, дәл осы қызметте шығармашылық әлеуетіңізді барынша жүзеге асырасыз деп сенеміз.

Барлық жоспарларыңыздың сәтті орындалуын және сәттілік тілейміз, жағымды оқиғалар үнемі сізді қуантып, шабыт сыйлай берсін», – делінген қозғалыс мәлімдемесінде.

Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді

Джеки Чанмен вальс билеген Динара Сәтжан желіні “жарды” (видео)

Дәурен Айдарқұлов сәбиіне қазақтың ұлы ақынының есімін берді (видео)

Марқұм анасына өлең арнаған Нұржан Төлендиев көптің жүрегін елжіретті

Талқылау