Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді

Айнұр Тұрсынбаева Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына бағалы тастармен безендірілген сандық сыйлады. Ақынның айтуынша, сандық Аяла бойжеткен кезде жасауына қажет болады.

18513479_254879338314505_5737914494563123200_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айтыскер ақын қызды болған құрбысына ерекше сыйлық әзірлегенін айтқан еді.

Бұған дейін БАҚ-қа берген сұхбатында Тұрсынбаева: “Менің сыйлығым кейін Қарақаттың қызы ұзатылса да керек болатын шығар. Киімдерін, алтын-әшекейлерін жинайтын шығар. Барқыттан қоршатып, әппақ барқытпен көмкеріп, жан-жағын асыл тастармен көмкерткізіп, сандық жасатқыздым”, – деген болатын.

айнур аялага

Ал күні кеше айтыс әлемінің жұлдызы Аялаға жасаған сыйын көрсетті.

Желідегілер Тұрсынбаеваның сыйын әрқалай қабылдады. Кейбіреулер сандықтың өте әдемі екенін айтса, ендігілер жаңа туған сәбиге мұндай сый жасау “еріккеннің ермегі” деп сынады.

“Өте керемет, Аяла үлкен қыз болып өсе берсін”, “Керемет сыйлық”, “Біз үшін бұл заттар қиял-ғажайып ертегі сияқты”, “Бағасы да әдемі шығар?”, “Айнұр апай, ұзату емес қой, сандықтың не керегі бар әлде жарнама ма?”, “Сіздердікі жай бір-бірлеріңізбен жарысу, әйтпесе кішкентай қызға сандық не керек?” – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан жұлдыздары Джеки Чанмен түскен суреттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Омырауын ашып, қысқа көйлек киген Жәния Джуринская жанкүйерлерін шошытты (фото)

Малақай мен домбыра: Қазақстанда Джеки Чанға не сыйлады? (видео)

Соңғы бір жылда сәбилі болған жұлдыздар (фото)

Талқылау