Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда актриса Сая Оразғалиеваның үйін тонап кетті (видео)

Алматыда «Вузеры» телехикаясының жұлдызы Сая Оразғалиеваның үйіне ұры түсті. Тонаушылар небәрі 40 минуттың ішінде үйдің астаң-кестеңін шығарып, бағалы заттарды алып кеткен. Қуанышқа орай, олардың бет-бейнелері бақылау камераларына түсіп қалған. Алайда актриса қолымда дәлел болса да, құзырлы органдар оларды табуға асығар емес деп ренжіп отыр.

18950211_904761813005910_172871312677535744_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ұрылар үшін менің пәтерімді тонау дәстүрге айналғандай. Тек өткен жылы олар жұма күні, ал биыл қасиетті айда тонап кетті. Видеода көріп тұрғандарыңыздай, аяқ-қолы сау 3 азамат, жап-жас бола тұра осындай арсыздыққа барып отыр.

Отбасымызбен азық-түлік алуға барғанбыз, бар болғаны 40 минут үйде болмадық, ал біз қайтып келген кезде олар әлі пәтәрде болған. Аллаға шүкір, анам алған азық-түліктерді ыңғайластыру үшін бірнеше минутқа бөгеліп қалды, ал мен су алуға дүкенге бет алдым. Бұл аралықта ұлымды үйден бөтелке алып келуге жібердім. Қысқасы, өз еркіммен ең қымбат адамдарымды ұрылармен кездесуге жібердім. Қайта ұрылардың күзетте тұрған үшінші сыбайласы біздің келгенімізді хабарлап, тонаушылар біз кіргенге дейін үйден шығып, жоғарғы қабатқа көтеріліп кетіпті. Анам бірнеше секунд бұрын үйге кіргенде, тіпті, не болуы мүмкін екенін ойлағым да келмейді», – дейді актриса.

Бұдан кейін есі шыққан актриса далаға жүгіріп шығып, не үшін екені белгісіз рөлге отырған.

«Жол бойымен ұшып бара жаттым, қайда және не үшін екенін білмеймін. Ауланы екі рет айналып шықтым. Үйге келіп, ауламызға камера орнатқан компанияға хабарластым. Ертең келетіндерін айтты, дөрекі сөйлеуіме тура келді, сосын 30 минутта жетіп келді. Видеоны көріп шықтық, енді ұрыларды танимыз», – деген актриса бұдан кейін полиция шақыртқанын мәлімдеді.

Алайда тәртіп сақшылары да ұрыларды табуға асықпайтын көрінеді.

«Асықпай бір сағаттан кейін келді, жазатындарын тағы бір сағат жазды, мен оларға тез арада іздері арқылы тауып, камерадан қарап, айналаны шарлап, тонаушыларды табуға болатынын түсіндіріп әлекпін! Ал олар үйімізге қызыл түсті ұнтақ сеуіп, тонаушылардың қолғап киіп алғандарын айтты. Істі қылмыстық іздеу қызметкерлеріне өткізетіндерін, ендігі мәселемен солардың айналысатынын жеткізді. Бірнеше сағаттан кейін хабарласып сұрасам: “Ойбай, не дейсіз? Бүгін ғана болған оқиға болса, оны ертең өткізетін шығар, ертең түстен кейін хабарласып көріңіз», – деді», – дейді ашынған актриса.

Сая Оразғалиева құзырлы органдарды жемқор деп айыптап, онда қалыптасқан жүйені бұзу үшін кейде заңгер болғысы келетінін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады

Динара Сәтжан «Қазақстан» арнасына басшылық қызметке келді

Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді

Қазақстан жұлдыздары Джеки Чанмен түскен суреттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау