Қазақстан чемпионатында төрешіні сабаған боксшы мен бапкері спорттан шеттетілді
22 қыркүйек күні Астанада Қазақстан федерациясы кубогының ширек финалында Рахат Маржықпаев пен Аман Қазанғапов кездесіп, соңғысына жеңіс берілген.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. Алайда шешімге көңілі толмаған астаналық боксшының бапкері Ерік Маржықпаев рингке шығып, төрешіні ұрып тастаған. Бұдан соң жеңілген боксшының өзі де шаршы алаң үстінде төрешіні төмпештейді.
Амангелді Ақшолақов – 28 жылдық тәжірибесі бар рефери, AIBA-ның “3 жұлдызды” жоғары категориясының иегері. Бұған дейін ол өзі де Кеңес дәуірінде табысты боксшы болған.
“Шынымды айтсам бұлай болады деп күтпедім. Менің тәжірибемде мұндай жағдай алғаш рет кездесіп отыр. Бұл жерде бапкер өз шәкіртінің екінші рет ногдаун алғанын көрмей қалды да, шешім әділетсіз деп ойлады. Содан соң барып ғана маған келіп кешірім сұрады. Адами тұрғыдан мен оны түсінемін. Дегенмен мұндай қадамға баруы жазасыз қалмауы тиіс”, – дейді Ақшолақов.
Қазақстан бокс федерациясының өкілі Болат Әбдірахманов аталған жағдайды мұқият қарап, тексеретіндерін мәлімдеді.
“Бапкер де, спортшы да шеттетіледі. Бірақ, қандай мерзімге дейін жарыстардан шеттетілетінін бапкерлер кеңесі мен атқарушы комитет шешеді. Басқаларға сабақ болу үшін және болашақта төрешілердің қауіпсіздігі үшін жаза міндетті түрде қолданылуы тиіс”, – деді Әбдірахманов.
Оқи отырыңыз:
“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)
“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады
Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)
Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді