Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал" өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Мадридтік “Реал” футбол клубы өздерінің шабуылшысы Карим Бенземамен жаңа келісім-шартқа отырды.

benzema4_3431487b

Бұл туралы AS хабарлайды.

Келісім-шарт 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Осыған сәйкес футболшының жалақысы да артады. Бұған дейінгі келісім бойынша француздық ойыншы жылына 7,5 миллион евро алып келген. Ал бұл жолғы келісім-шартта ойыншының құны 1 миллиард евро деп көрсетіліпті.

21 қыркүйек күні арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, тараптар келісімге қол қояды.

Бензема “Реалға” 2009 жылы “Лион” клубынан ауысып келді. Мадридтіктер қатарында ол екі рет Испания чемпионатын, үш рет Чемпиондар лигасын, екі рет Испания кубогын және екі рет суперкубокты жеңіп алды. Былтырғы жылы 29 жастағы футболшы барлық турнирлерде 48 ойынға шығып, 19 гол соқты, 9 голдық пас берді.

Оқи отырыңыз:

Геннадий Головкин Мексика халқына көңіл айтты

WBC президенті Головкин-Альварес кездесуінің жеңімпазын атады

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Ольга Рыпакова Ашхабадтағы V Азия ойындарында алтын медаль еншіледі

Талқылау