Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Мексика халқына көңіл айтты

Мексиканың оңтүстігінде күші 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

crop

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Мексика халқына көңіл айтты.

«Мехикодағы менің достарым мен ондағы барлық жандар үшін дұға бағыштаймыз», – деп боксшы Твиттер желісінде жазды.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Мексиканың оңтүстігінде күші 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат ошағы Пуэбла штатындағы Ребосо елді мекенінен 4 шақырым жерден өткен. Жер сілкінісінің кіндігі 51 метр тереңдікте болды.

Оқи отырыңыз:

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Президент қазақстандық теннисшілерді Davis Cup әлемдік тобына шығуымен құттықтады

Көкшетаулық параатлет армрестлингтен әлем чемпионы атанды

Ольга Рыпакова Ашхабадтағы V Азия ойындарында алтын медаль еншіледі

Талқылау