Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық параатлет армрестлингтен әлем чемпионы атанды

Көкшетаулық атлет Андрей Путинцев есту қабілетінде кемістігі бар спортшылар арасында армрестлингтен әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлады.

20170918165830

Венгрия астанасы Будапештте армрестлингтен әлем чемпионаты аяқталды. Спорт доласына әртүрлі құрлықтар мен елдерден ең мықты деген спортшылар қатысты. Кім мықтыны анықтауға әлемнің 52 елінен 1200-ге жуық спортшы келді.

Бұл додада алғаш рет Ақмола облысының спортшысы армрестлингтен әлем чемпионы атанды. Ол – Андрей Путинцев. Есту қабілетінде кемістігі бар жандар арасында 100 келіден асатын салмақ дәрежесінде Андрейге тең келер ешкім болмады.

Путицевтің жаттықтырушысы Илья Ильиннің айтуынша, Андрей финалда Ресей спортшысына қарсы өнер көрсетті. Қызығы сол, ресейлік спортшының салмағы Андрейдікінен қарағанда 43 келіге артық (146/103).

Бұдан бөлек, көкшетаулық спортшы Дмитрий Шубаба 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медальді еншіледі.

Жіберіп алмаңыз:

GGG фанаттары Дженнифер Лопесті “Қазақстан” деп айғайлатып қойды (видео)

Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

Головкин: Әділетсіздіктің қаншалықты жаман екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын

Головкинге GGG-“Канело” жекпе жегіне орай шығарылған WBC белдігі сыйға тартылды (фото)

Талқылау