Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек тең аяқталғаннан кейін, келесі жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды.

1dece09b7a44758921370f023fd0e716_L

Бұл туралы Qsport.kz хабарлады.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмаған соң, спортшылар баспасөз конференция өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Осы орайда Сауль Головкинмен болатын екінші кездесуі туралы айтып өтті.

«Қазір мен осы жылдың аяғына дейін үзіліс аламын. Егер реванш болатындай жағдай болса, онда тек келесі жылдың сәуір немесе мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жектің қашан өтетінін нақты білмеймін, бірақ Альварестің дәуірі туды деп сеніммен айта аламын», – деді Сауль.

Еске салсақ, кеше Лас-Вегаста өткен бокс жекпе-жегі тең аяқталған болатын. 35 жастағы Головкин өзінің орта салмақта жеңіп алған барлық атақтарын (WBC, WBA (Super), IBF және IBO) қорғап қалды. Жекпе-жектен соң қазақстандық боксшы кездесу нәтижесіне байланысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, қос боксшының соққылар статистикасымен де мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Ардақ Назаров: Головкиннің тең түсуіне Альварестің промоутерінің ықпалы болып тұр

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Талқылау