Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварес тең түсті (фото, видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қарсы жекпе-жекте тең түсті.

fbcba75599e5fbe4887eb1b2d95a50d0

Жекпе-жек Лас-Вегастың “T-Mobile” аренасында өтті.

Головкин кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль “Канело” Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасты.

images

Головкин бірінші раундтан бастап шабуылдай бастады.  Альварес артқа шегіне жүріп қарымта соққыларын жасады. Екі спортшы да соққыларын өткізді. Джебтер де, аперкоттар да жасалды.

Без названия

5-раундта Головкин қарсыласын бұрышқа тақап, соққыларын жасады. Оған қарсыласы басын шайқай беріп, алға қарай ұмтылды. Жерлесіміз оны қайта бұрышқа тіреді. Қарсыласына джебтерін өткізді. Қарымта соққыларымен жауап берген “Канело” ауыр аперкотын жасап үлгерді.

 

#GGG покажет кто тут Number One ☝️

Публикация от ZELLO AKTOBE – OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

10-раундта Головкин қарсыласынынң екі соққысын өткізіп алды. Бірақ бойына қайта жинап үлгерді. Ал, “Канело” осыдан соң қарқынын үдетіп, сериялық соққыларын жасады. Головкин ашық бокстасуға шақырып, спортшылар 12 раунд бойы бокстасты.

20170916152656

Жекпе-жек соңынан екі спортшы құшақтасып, алғысын айтты. Төрешілердің шешімі бойынша екі мықты тең түсті.

Талқылау