Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: Әділетсіздіктің қаншалықты жаман екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын

Күні кеше бүкіл әлем күткен Головкин-Альварес жекпе-жегі болып, кездесу екеуінің тең түсуімен аяқталды. Алайда көптеген спортшы мен жанкүйер мұның әділетсіздік екенін алға тартып, жеңіске Головкиннің лайық екенін жарыса айтып жатыр. Мұны қазақстандық спортшының өзі де мойындап отыр.

21569322_1978355035709286_3291405194666967040_n

Сурет: Головкиннің жеке парақшасынан

Бұл туралы бокстан кейінге баспасөзде айтылды.

Америкалық журналистердің бірі өзінің сауалына Головкиннің қазақ тілінде жауап беруін сұрады. Алайда спортшы аталған сұраққа бірден ағылшын тілінде жауап беруді жөн көрді. “Менің келесі сұрағыма сенің қазақ тілінде жауап бергеніңді қалаймын. Жаңа ғана сен тамаша жекпе-жек өткіздің. Оны сенің мансабыңдағы ең шешуші жекпе-жектердің бірі деп атауға болады. Көпшілік сенің жеңіске лайық екеніңді айтып жатыр. Мұндай әділетсіздікті басыңнан өткеріп, қандай күйде отырсың?” – дейді журналист өз сауалында.

Головкин әділетсіздікті бастан кешіргенін жасырмады. Ол мұның бірінші кезекте өзі үшін емес, бокс әлемі үшін орынсыз екенін айтып өтті. “Бұл – бокс үшін қорқынышты нәрсе. Мен чемпионмын. Оның үстіне бұл бокстағы ең маңызды жекпе-жек еді. Мұның қаншалықты жаман екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, – дейді ол.

Алғашқы төрешінің есебі Абель Санчкеске де ұнамаған екен. Ол бұл жерде көзбоуяшылықтың орын алып отырғанын астарлап жеткізді. “Кезекті жекпе-жек өзіміз күткендей өтті. Бір төреші шотты сол жерге келмей тұрып алдын ала толтырып қойған сияқты. Бәлкім Вегастағы ерекше мектептердің бірінде тәлім алған шығар. Егер Канело реваншты қаласа, келісуге болады”, – дейді Абель Санчес.


Жіберіп алмаңыз:

Головкинге GGG-“Канело” жекпе жегіне орай шығарылған WBC белдігі сыйға тартылды (фото)

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Ардақ Назаров: Головкиннің тең түсуіне Альварестің промоутерінің ықпалы болып тұр

Талқылау