Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жойқын апат: Мексикада жер сілкінісінен 139 адам қаза тапты (фото)

Мексикада күші 7,1 балдық қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан 139 адам қаза тапты.

_97869410_041828026

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат ошағы Пуэбла штатындағы Ребосо елді мекенінен 4 шақырым жерден өткен. Жер сілкінісінің кіндігі 51 метр тереңдікте болды.

Мексика-землетрясение-1

Айта кету керек, бұл жер ел астанасы Мехикодан 120 шақырым жерде орналасқан. АҚШ-тағы геологиялық зерттеу орталығы оқиғаға байланысты қызғылт сары түсті дабыл (orange alert) деңгейін жариялады.

default-1sy0

483783

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето құтқарушылар үйінділерді реттегенше, халықты көшеге шықпай тұра тұруға шақырды. Қазіргі кезде көптеген аудандарда телефон байланыстары үзілген. Мехико әуежайы да жабылды.

_97872080_041827052-1

Мамандардың айтуынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер саны әлі де өсе түсуі мүмкін.

_97872078_041827398-1

Қазіргі кезде құтқарушылар мен еріктілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Билік мәліметінше, кем дегенде 3,8 миллион адам электр жарығынсыз қалды.

Оқи отырыңыз:

Женевада сантехниктер кәріз құдығынан 10 мың евро тауып алды

Рохинджа мұсылмандары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Әйел балаларының демалысын бұзбау үшін 10 күн бойы құрсағында өлі сәбиді көтеріп жүрген

Ресейлік әйел шамаданға жасырынып Түрік шекарасынан өтпекші болды (видео)

Талқылау