Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел балаларының демалысын бұзбау үшін 10 күн бойы құрсағында өлі сәбиді көтеріп жүрген

40 жастағы Дебби Кинг жүктіліктің 10-аптасында сәбиінен айырылып қалды. Бұл уақытта Дебби күйеуі және екі баласымен бірге Лансаротеде демалыста болғандықтан, ол шарананың шетінеп кеткенін жасырып қалған. 10 күн бойы өлі сәбиді жатырында ұстаған әйел өз өміріне қауіп төндіргенін білмеген.

P864BiWl

Бұл туралы шетелдік The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Өзімнің гинекологыммен кеңестім, ол рұқсатын берді. Жүктілігім туралы ешкімге тіс жармадым, бірақ өзіме ауыр тиді. Осы уақыт аралығында қанша қиналсам да, сыр бермеуге тырыстым», – дейді әйел.

Демалысқа аттанбас бұрын Деббиден қан кеткенімен, дәрігерлер алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтып, әйелді шығарып салған. Алайда отбасылық демалыс кезінде әйелден қайта қан кетіп, ішіндегі сәбиі шетінеп кеткен. Туған қаласына оралған соң Дебби жеке-меншік ауруханаға барып, іштегі баласын алдыртқан.

lkYol4Al

Біраз уақыт өтіп кеткендіктен, әдетте 15-20 минутқа созылатын операция 4 сағатқа жалғасқан.

Өкінішке қарай, балаларын ойлаған Дебби өмірімен қош айтыса жаздады. Ота барысында әйелден көп көлемде қан кетіп, оны дәрігерлер тоқтата алмапты. Тіпті, бұдан кейін Дебби 48 сағат бойы комада жатқан.

Абырой болғанда, 2 тәуліктен кейін есін жиған әйел бүгінде аман-сау, өзі балаларының ортасында.

x31pjppl

Жіберіп алмаңыз:

Электр қуатына жалғанып тұрған смартфонды пайдаланған қыз көз жұмды

Германия тұрғындары көше ортасында намаз оқығандарды айыптап жатыр (видео)

Бетіне қышқыл төгілген ару жаңа келбетімен жұртты таңқалдырды (фото)

Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады

Талқылау