Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетіне қышқыл төгілген ару жаңа келбетімен жұртты таңқалдырды (фото)

Ағымдағы жылдың маусым айында бейтаныс адамдар Решам Хан мен оның бауырының үстіне қышқыл құйып жіберген. 21 жастағы бойжеткен шұғыл ауруханаға жеткізіліп, оның бет-әлпетін қалыпқа келтіру үшін таныстары халықтан ақша жинаған.

ждэ54

Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.

Бір апта ішінде 30 мың фунт стерлинг жиналып, бейтаныс адамдар бойжеткенге көмек қолын созуға ұмтылған. Жиналған ақшаның барлығы дерлік Решамның сырт келбетін қалыпқа келтіру үшін жұмсалған. Бейтаныс адамдардың шабуылынан кейін бойжеткен желіде блогтар жазып, қандай қиын күндерді бастан өткеріп жатқанын жеткізген. Өзі секілді жағдайға тап болған қыздармен көп сөйлесіп, бойындағы сенімділігін қайтарған екен. Себебі, сол сәтте Решам өмірде өзін жалғыз сезінген.

149490982

Араға біраз уақыт салып бойжеткен тағдырдың сынына берілмеуге шешім қабылдайды. Хан өзінің блогтарында шабуыл жасаған адамның кімдер екені туралы көп жазған. Екі аптадан кейін қылмыскер Джон Томлин полицияға өзі келіп берілген екен. Ал екі айдан кейін Решам өзінің жаңа сырт келбетімен жұрттың жағасын ұстатты.

545433137

“Соңғы кезде бет-жүзімнің қандай қорқынышты болғанын өздеріңіз білесіздер. Енді желідегі достарыма жаңа сұлу жүзімді көрсеткім келеді”, – дейді ол.

718754501

2604672

Дәл қазір Решамды бір көзінің кемістігі ғана алаңдатады. Ал бетіндегі тыртықтарды ол косметиканың көмегімен жасырып келеді. Пікірлерден желідегілерге Решамның бұрынғы келбетіне қарағанда, қазіргі түрі көбірек ұнайтыны жазылған.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады

Екі қолы жоқ болса да нәрестенің күтіміне қараған бала жұртты жылатты (видео)

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Головкин: Тең түскеніміз – менің кінәм емес, мен жеңілген жоқпын (видео)

Талқылау