Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады

Ресейлік психолог Алексей Зданович ақылды ер азаматтардың опасыздыққа бармайтынын айтады. Мұны жуырда лондондық психолог мамандар анықтаған екен.

father-2432569_960_720

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ерлердің әйеліне опасыздық жасап, жасамауы тікелей ақыл-парасат деңгейімен байланысты. Лондондағы Экономика институтының психолог мамандары осындай шешімге келіп отыр. Яғни ақылды ерлер опасыздықтың отбасына әкелер салдарын ойлап, мұндай қадамға бармайды екен.

Зерттеуші авторлардың пікірінше, эволюция нәтижесінде ерлердің табиғаты полигамды отбасынан моногамды отбасына қарай ығысады. Бұл кезеңде ерлер бір ғана әйелмен интимдік қарым-қатынаста болғысы келеді. Мұндай моногамия ерлерді жаңа әйел іздеу күйзелісінен құтқарады.

Британиялық психологтардың айтуынша, ақыл-парасат деңгейі жоғары ер азаматтар бейсаналы деңгейде моногамияның әлдеқайда пайдалы екенін біледі.


Жіберіп алмаңыз:

Екі қолы жоқ болса да нәрестенің күтіміне қараған бала жұртты жылатты (видео)

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Головкин: Тең түскеніміз – менің кінәм емес, мен жеңілген жоқпын (видео)

Ардақ Назараров: Головкиннің тең түсуіне мексикалық беделді промоутердің ықпалы болып тұр

Талқылау