Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия тұрғындары көше ортасында намаз оқығандарды айыптап жатыр (видео)

Желіде ер мен әйелдің көше ортасында намаз оқыған сәті тарады.

file_1464067818_881417393

Видеоны түсіруші автор мұның Германияда болып жатқанын айтты.

“Жұмыстан шықсам, босқындар көшеде осылай намаз оқып тұр. Уақыты келген соң, сол жерде құлшылық етуге бел байлаған. Сұмдық. Мұндайды бірінші рет көруім. Осыдан кейін енді не болады?”, – дейді автор.

Бұған қатысты желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі мұны бассыздық деп атады.  Мұндайға шектеу қою керектігін айтты. Енді бірі намазды орын таңдамай кез келген жерде оқу керектігін айтып, ер мен әйелге риза болды. Көпшілік автордың емес, намаз оқушылардың әрекетін құптады.

Талқылау