Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Канело" Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісіне зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады.

Бұл туралы BoxingScene хабарлайды.

27 жастағы мексикалық Гвадалахаруға келіп, өз қолымен азық-түлік таратты. БАҚ мәліметінше, Альварес азық-түлік тиелген жүк көлігін жер сілкінісінен зардап шеккендерге жіберген.

Боксшының ағасы Ригоберто Сауль “Канело” Альварестің азық түлік, дәрі-дәрмек және құрылыс материалдарына бір миллион доллар аударатынын айтты.

Еске салсақ, 17 қыркүйек күні Головкин мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізіп, тең түсті. Осыған дейінгі 37 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтаған қазақстандық боксшы кездесу нәтижесіне қатысты өз пікірін де білдірген болатын. Енді екеуара мықты жеңімпазды реванш жекпе-жекте анықтайтын болады. Өз кезегінде Головкин өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтар мен президент Назарбаевқа алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Нұрбақыт Теңізбаев Пекин-2008 Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды (фото)

Талқылау