Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Назарбаев пен қазақстандықтарға алғыс айтты

Әлемді мойындатқан Геннадий Головкин қолдау көрсеткен елбасы Назарбаев пен отандастарына алғысын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

“Барлық жерлестеріме көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Жекпе-жекке келгендерге де, таңертеңнен теледидар алдында жанкүйерлік еткендерге де рахмет.

Кездесу алдында арнайы шеру ұйымдастырғандарға жалынды сәлем! Сіздер көк Туымызды желбіретіп, Лас-Вегас көшелерінің сәнін келтірдіңіздер, рахмет!

Сондай-ақ, маған үнемі қолдау көрсетіп, жекпе-жектен кейін құттықтаған Президентімізге алғыс айтамын. Бұған дейін де айттым, еліміздің көк туын көкте желбірету – мен үшін мәртебе. Чемпиондық белбеулер өзімде қалды және әлі де барлық титулдарды біріктіретін ниетім бар. Алға Қазақстан”, – деп жазды Гена желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Головкин — Альварес арасында Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Жіберіп алмаңыз:

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Нұрбақыт Теңізбаев Пекин-2008 Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды (фото)

 

Талқылау