“Қазақ хандығы” телесериалының отандық арнадан көрсетіле бастайтын уақыты белгілі болды
Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығына арнайы түсірілген “Қазақ хандығы” телесериалы 19 наурыздан бастап отандық телеарнадан көрсетілмек.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Наурыздың 19-ынан бастап тарихи телесериал “31” телеарнаның эфирі арқылы сағат 22:00-де қалың көрерменге жол тартпақ.
Қазір “Қазақ хандығы” кинодастанының соңғы жұмыстары пысықталып жатыр. Жоба үшін екі жыл тер төккен режиссер Рүстем Әбдіраш фильм сапасы мен мазмұны көпшілікке ұнайды деген пікірде.
“Көрерменге көруге қызық болады деген ойдамыз. “31 арнадан” “Ертұғрыл” деген сияқты сериалдарды көрдік. Олардан артық болмаса, кем болмайтын түрі бар. Алдын ала айтудың қажеті жоқ. Көреміз, халықтың көңілінен шығу керек”, – деді “Қазақ хандығы” тарихи кинодастанының режиссері Рүстем Әбдіраш.
Режиссер кинотеатрлардан көрсетілген “Алмас қылыш” киносы кейбір отандастарымыздың тарихқа деген қызығушылығын оятқанын айтады. Ал “Қазақ хандығы” да сол үдеден шықпақ. Өйткені, сериалда фильмге кірмей қалған көптеген тартымды эпизодтар, қызықты оқиғалар молынан. Өткенін ұмытқан ұрпақтың болашағы бұлыңғыр болатынын ескерсек, қоғамның рухын оятатын бірден-бір осы тарихи туынды.
Бұған дейін түсірілген тарихи фильмдер: “Көшпенділердің” бюджетінен 6 есеге, ал “Жаужүрек мың баланың” бюджетінен шамамен 2 есеге аз қаражатпен бір фильм және 10 бөлімді телесериал дайындап шыққан шығармашылық топ енді “Қазақ хандығының” екінші маусымын бастауды жоспарлап отыр. Идея, сценарийлік құрылымдар бар, тек қоғамға ауадай қажет туындыны көркемфильмге айналдыру үшін қомақты қаражат керек.
Оқи отырыңыз:
Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)
Дастан Оразбеков тағы да жұбайына арнап бейнебаян түсірді (видео)
Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)
Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
