Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков тағы да жұбайына арнап бейнебаян түсірді (видео)

Бұрындары жұбайын ел назарынан жасырын ұстайтын Дастан Оразбеков енді оны қайта-қайта “жарнамалап” жүр.

Orazbek Dastan 150317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғаш рет әнші жары Жанатты өзінің “Сенің бейнең” атты бейнебаянында таныстырды. Өзі суретшінің рөлін сомдап, жарының портретін бейнеледі.

Содан бастап Оразбеков желідегі парақшасында жұбайымен түскен суреттерін жиі жариялайтын болды. Енді, міне, ол тағы да асыл жарына арнап бейнебаян түсірді.

«Сүйген жар» деп аталатын туындыда Дастан басқа әншілер секілді актерлердің қатысуымен жарасты махаббат хикаясын немесе асыл жары мен ұлын көрсеткен жоқ. Студиядағы ән жазу барысын, жарты күндік жұмысынан үзінді келтірді. Есесіне ән арқылы адал жарына деген сезімін білдірді.

Бұған дейін Дастан түсірген клиптерінің тұсауын музыкалық арналарда кесетін, ән жазса арнайы сайттарға таратуға асығатын. Бұл жолы жаңа бейнебаянды Дастан YouTube-тегі өзінің парақшасына жүктепті.

Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

Тұңғышбай Жаманқұловтың ақшаны не нәрсеге құртқаны анықталды

Талқылау