Астанадағы әскери шеруді терезеден тамашаламақ болған тұрғынға дронмен ескерту жасалған (видео)

Видеодан скрин
Астанадағы әскери шеруді терезеден тамашаламақ болған тұрғынға дронмен ескерту жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеода дрон 20-қабаттағы терезелердің алдына ұшып келіп, видеоға түсіріп тұрған тұрғындардан терезені жабуды сұрайды.
Жеңістің 80 жылдығы: Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінеді
"Қауіпсіздігіңіз үшін терезені жауып, одан алыстауыңызды сұраймыз”, – дейді дроннан шыққан дауыс.
Таңғалған астаналықтар талапты орындап, терезеден алыстайды.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтті.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды