Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" 10 ойыншымен қалған "Пафос" командасын жеңе алмады

Фото:”Қайрат” фк

“Қайрат” футбол клубы “Пафос” құрамасына қарсы ойында есеп аша алмай, ойын тең нәтижемен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Алматылық "Қайрат" клубы чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің "Пафос" құрамасын қабылдады. Қос команда арасындағы матч алғашқы минуттан-ақ тартысты басталды. Матчтың алғашқы минутында "Пафос" сапынан Коррея ойын тәртібін бұзып, қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.  Артынша "Қайрат" сапынан Дастан Сәтпаев пен Офри Арад сары қағаз алды. Алайда бірінші таймда он футболшымен қалған "Пафос" құрамысына "Қайрат" басымдық таныта алмады.

Ал екінші таймда "Пафос" "Қайраттың" тарабына бірнеше мәрте қауіпті соққы жасады. Дегенмен бұл қауіпті соққыны Темірлан Анарбеков сәтті қайтарып, "Қайраттың" қақпасын голдан аман сақтап қалды. "Қайраттықтарда" қарсылас командаға шабуылды жиілеткенімен есеп аша алмады. Ал ойынның 71 минутында "Пафостың" соққан голы қақпа бағанасына тиіп, есеп ашылды. Бірақ футболшы ойыннан тыс қалып (офсайд), гол есепке алынбады. Осылайша қос құрамада тең есеппен ойынды аяқтады. Айта кетейік, нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына ие болды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 00:10
Талқылау