Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат Нұртасқа еліктейді": Өмірқұл Айниязов шаш үлгісін сынағандарға жауап берді

ҚР мәдениет қайраткері, танымал әнші, Өмірқұл Айниязов шаш үлгісін өзгертпеуінің сырын “Саумал” подкастында айтып берді. 

Фото: Подкастан скриншот

Тыңдармандары өнер иесінің сыртқы келбетін Қайрат Нұртасқа ұқсатып жатқан көрінеді. 

“Бұл шашты Қайраттан бұрын мен қойғанмын. 2002 жылы Талдықорған қаласына көшіп барғанда шашымды өсірген едім. Сол жылдары сәнге айналды. Одан кейін эстрададағы Құрмаш Маханов пен Ақылбек Жеменей бастаған бір топ әріптестеріміздің шаш үлгіміз бірдей бола бастады. Халық шатастырып, “мені Құрмаш Маханов” деп танып жүрді. Бәріміздің шаш үлгімізді ажырата алмады. 4-5 жылдан кейін қатарымызға Еркін Нұржанов келіп қосылды. Бір жылдары бұдан да ұзын етіп өсіргім келіп еді, өзімді жайсыз сезіндім. Содан осы үлгімен қалдым. Қайратты қайталаудан аулақпын”, – деп жауап берді әнші. 



Сонымен қатар, дәстүрлі ән өнерінің жұлдызы жас күнінде талай төбелеске қатысқанын да жасырмады. 

"Жас кезімде боксқа қатыстым. Бірақ үлкен жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын. Десе де оның маған көмегі тиді. Біздің жас кезіміде түрлі жағдай болды. Ақтөбеде жатақханада тұрғанда жергілікті жігіттер келіп, мазамызды алатын. Сол кезде оларға қарсы шығып, пышақталған уақытым болған. Ауруханаға түсіп жатқанда тергеушілер бір жағынан тергеп жататын еді. Сол уақытта бұл жағдайды ауылдағылар мүлдем білмейтін. Телефон, интернет деген жоқ кез ғой. Сол кездегі түсінік басқаша болатын. Қарындасым қасымда оқып жүрсе де, үйдегілерге тіс жармайтын. Басымыз айналып қан жоғалтқан кездеріміз болды. Пышақталғанда ішкі органға 2 см жетпей қалған. Одан кейін Алматы мен Талдықорған қалаларында да біраз жанжал болған", – деп жастық шағын есіне алды өнер иесі. 

Еске салайық, жақында ұлды болған әнші құны 1 миллион теңге тұратын сыйлыққа ие болғанын айтты. 

Одан кейін, өнер иесі үйлену тойында шегіртке жауғанын күліп еске алғанын жазған едік. 

Талқылау